Шығыс Қазақстан облысындағы алтын өндірумен айналысатын «ВСАМ продакшн» компаниясы жүздеген ауыл тұрғындарының өз қызметкерлеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Шерушілер компанияның қызметтік көліктеріне тас лақтырған, содан кейін компанияның жеке меншігіне басып кіріп, тәртіп сақшыларын оның аумағынан қуып шыққан, деп хабарлайды Press.kz.